Толық қызметтер тізімі — 19 бағыт
Жуындыру мен кебіндеуден бастап, құжаттарды рәсімдеу, жаназа намазын ұйымдастыру және Құран бағыштау рәсімдеріне дейін — әр қызметке нақты баға және сипаттама. Қажетті қызметті таңдап, бірден өтінім қалдыра аласыз.
Кебін пакет
Шариғат бойынша жерлеуге арналған толық жиынтық: ақ матадан кебін (ерлерге 3 бөлік, әйелдерге 5 бөлік), миск, сабын, қалампыр, дәке және басқа қажетті заттар.
Мұздатқыш камера
Марқұмның денесін арнайы мұздатқыш камерада сақтау қызметі; температура мен желдету сақталады, камералар санитарлық талапқа сай дезинфекцияланады.
Әуе арқылы тасымалдау
Марқұмның денесін авиация арқылы қалалар мен мемлекеттер арасында қауіпсіз тасымалдау.
Жуындыру қызметі
Марқұмды ислам шариғаты талабына сай жуындыру және тазарту рәсімі — білікті мамандардың қатысуымен.
Қабір қазу және жерлеу
Қабір орнын дайындау және жерлеу рәсімін бастан-аяқ толық ұйымдастыру.
Орауға арналған кілем
Марқұмды орауға және тасымалдауға арналған арнайы кілем.
Катафалк
Марқұмның денесін арнайы жабдықталған автокөлікпен жерлеу орнына жеткізу.
Құлпытас және қоршау
Қабір басына құлпытас орнату және жеке қоршау жасау қызметі.
24/7 қабылдау және кеңес
Тәулік бойы қоңырау қабылдау және қажет әрекеттерді алғашқы минуттан бастап түсіндіру.
Алғашқы консультация
Құжаттар, мерзімдер және жерлеу рәсімінің тәртібін кезең-кезеңімен түсіндіретін тегін кеңес.
Құжаттарды рәсімдеуге көмек
Медициналық анықтама, қайтыс болу туралы куәлік, ХҚКО арқылы рәсімдеу кезеңдерінде толық сүйемелдеу.
Мәйітті тасымалдау
Қала ішінде, қалалар мен өңірлер арасында арнайы жабдықталған көлікпен тасымалдау.
Жаназа жабдықтарын дайындау
Жаназа рәсіміне қажетті керек-жарақтарды алдын ала дайындау және орнына жеткізу.
Имам шақыру
Діни білімі бар имамды рәсім өтетін жерге шақыру қызметі.
Жаназа намазын ұйымдастыру
Мешітпен және имаммен келісіп, жаназа намазының уақыты мен орнын толық ұйымдастыру.
Құран бағыштау рәсімдері
Жетісі, қырқы, жүзі, жылдығына білікті имам-қарилерді шақырып ұйымдастыру.
Еске алу асы бойынша кеңес
«Ас беру мәдениеті» қағидаларына сай, ысырапқа жол бермей еске алу асын ұйымдастыру бойынша кеңес.
Салттық тауарлармен қамтамасыз ету
Жаназа рәсіміне қажетті барлық салттық тауарларды бір жерден ұсыну.
Барлық жұмысты толық сүйемелдеу
Жерлеуге байланысты барлық ұйымдастыру жұмыстарын басынан аяғына дейін толық атқару — сіз тек біздің мамандармен байланыста боласыз.